ISSN 1991-3087
Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100
Яндекс.Метрика

НА ГЛАВНУЮ

Пути и методы формирования гуманистической культуры при изучении познания мира

 

Арынова Гулжанар Габиткызы,

магистр педагогических наук, старший преподаватель Казахского национального педагогического университета им. Абая.

 

Дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері

 

Арынова Гүлжанар Ғабитқызы,

п.ғ.магистрі., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы.

 

Дүниетану пәні ғылыми негіздегі жаратылыстану ғылымының алғашқы сатысы. Оқу бағдарламасының мазмұны бастауыш мектеп мұғалiмдерiнен оқу-тәрбиелiк мақсаттарын дұрыс анықтап, табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқушыларға тиiмдi де түсiнiктi түрде жеткiзу үшiн оқытудың тәсiлдерiн дұрыс таңдауды қажет етедi. Жалпы бастауыш мектеп мұғалiмi оқушыларды қоршаған дүниемен таныстыра отырып, эстетикалық, адамгершiлiк, табиғатты қорғауға тәрбиелеудi мақсат деп санайды.

Ғылымда қоршаған дүние сырын танудың оқу үрдісiнде үш әдiсi бар:

- бiлiм көзi;

- мұғалiмнiң оқытуы;

- оқушының бiлiмдi қабылдауы;

- оқытудың тәсiлдерiнiң классификациясы;

- әңгiмелеу, түсiндiру, суреттеу, баяндау, көрнекi құралдарды қолдану, практикалық жұмыс, табиғатқа топсеруен, тәжiрибе жасау, т.б.

Оқу үдерісiнде қолданылатын әдiстердi оқу үрдісiнiң құрамына, оқушылардың жас ерекшелiгiне, сабақтың тақырыбына байланысты белгiлеймiз. Ендi сол әдiс-тәсiлдердi атап көрсетемiз.

1 ”Дүниетану” сабақтарындағы модельдеу әдiсi.

 Бастауыш мектепте модельдеу әдiсi барлық сабақтарда қолданылуы қажет. Бiлiм беруде оның маңыздылығы зор, себебi оқушылар кеңiстiктi көз алдына елестетуi, немесе құбылысты түсiну ерекшелiктерiнiң, iс-тәжiрибеде нақты көрсетiлуiн қажет етедi. Оқушылардың басты бiлiм алу көзi оқулық болып табылады. Оқушылардың толық терең бiлiм алуы, оқулықпен дұрыс жұмыс iстеуiне байланысты.

В.А.Сухомлинский оқушының өздiгiнен ынтасымен кiтап оқуын ақыл-ой тәрбиесiнiң екiншi бағдарламасы деп есептеген. (Жақсы оқи бiлу деңгейiнiң мәнi неде? Бұл, ең алдымен, кiтап оқудың қарапайым әдiсiн бiлу, игеру болып табылады”.

Ғалымдар Ф.Талызина, Е.Н.Қабанова, Меллер, А.В.Усовалардың айтуынша оқушылардың бiлiктiлігі қалыптасқан болса, онда еңбегi едәуiр нәтижелi болады. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуында оқулықпен жұмыс iстеу бiлiктiлiгi ең басты танымдылық бiлiктiлiк болып саналады. Мұғалiм қаншалықты тиянақты, ұқыпты, сабақ бергенiмен, оқушыларды материалды оқып-үйренуге ынталандырғанымен, егер де оқушының өзi бiлiм алуға ынталанбаса, оқыту үрдісi ойдағыдай өз дәрежесiнде болмайтыны белгiлi.

“Оқыту дегенiмiз - ең алдымен оқушыда оқуға деген ынта туғызу және оқуға үйрету. Егер оқушы мектепте тек елiктеуге, көшiруге үйренсе, онда ол өмiрде шығармашылықпен жұмыс iстей ала ма?

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, көзқарасын қалыптастыру және дамыту – ұзақ та күрделi үрдiс. Ол пәндi оқып үйретудiң бойында үнемi жүргiзiледi. Танымдық қабiлет оқушыда қабылдау, қиялдау, есте сақтау, дамыту мен ынталаудың арнайы әдiсiн қалыптастыру, бiлiк пен iскерлiк түрiнде бекiтiлуi және ойлаудың түрлi сапаларынан тұрады.

Профессор Т.Сабыровтың мынандай пiкiрiне назар аударайық: оқушыларды пәнге деген қызығушылығын туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың iшiнен төмендегiдей үш жағдайды атап көрсеткен жөн:

1) Оқу материалының мазмұны, ондағы жаңалықтар, қазiргi ғылым мен техникадағы жаңа табыстар (оның практика үшiн патшасы, т.б.).

2) Оқуды ұйымдастыру үдерісінің ерекшелiктерi (оның әдiстерi мен формалары т.б.).

3) Мұғалiм мен оқушылар арасындағы қарым–қатынастардың ерекшелiктерi. Мысалы, сабақта мұғалiм мен оқушылар арасында жылы шырайлы қарым-қатынастың болуы, еркiн жағымды эмоциялық жағдай, мұғалiм көңiл-күйi сергек, жарқын болуы, оқушылардың бiр-бiрiне көмек беруi, т.б.

Кейбiр тақырыптарға, бөлiм, тарауларға түрлi сұрақтар мен тапсырмалар, тәлiм-тәрбиелiк жағынан мәндi қосымша материалдар енгізілген. Оқушылардың ой-пiкiрiнiң еркiн, дербестiгiн жүзеге асыру құқын барынша дамыту, оқудың маңызды шарттарының бiрi. Туған елдiң табиғаты – адамгершiлiк тәрбиенiң қуатты құралы. Оның сұлулығы балалық шақта жарқын әрi терең қабылданады. Мұғалiм балаларға табиғат әлемiн ашып бередi, олардың гүл жапырағындағы мөлдiр шықтың, алуан түрлi шөптердiң, батып бара жатқан күн бояуының ғажап әдемiлiгiн түсiнуге көмектеседi. Баланың барған сайын аналитикалық-синтетикалық ойлау дәрежесi дамиды. Осыны ескере отырып, балалардың серуеннен кейiнгi алған бiлiмдерiн жинақтау мақсатында мiндеттi түрде қорытынды сабақ өтiледi.

Көктемнiң алғашқы гүлдерiмен таныстыру топсеруенi табиғаттың кiшкене ғана бөлшегi арқылы әсемдiктi көре бiлу мақсатын көздейдi. Балалар гүлдердi салыстырып көрiп, олардың құрылысы мен тiршiлiк әрекеттерi жайлы бiрқатар мәлiметтер алады. Бақылаған өсiмдiктердiң атын атауларына қарап балалардың топсеруен кезiндегi зейiні тұрақтануы мен материалдарды есте сақтау қабiлеттерiнiң өте қиын екенiн байқаймыз. Мұндай сабақтарды өткiзу барысында мұғалiм алдында күрделi мiндеттер тұрады. Бiрiншiден, топсеруеннен алған әсерлерi негiзiнде балалардың табиғатқа деген қарым-қатынасын, қоршаған ортаның әсемдiгiн көре бiлу қабiлеттерiн одан ары дамыта түсу, ұйымшыл, тату болуға, өзара сыйластық сезімдерін үнемі тудыруға тырысу. Екiншiден, мұғалiм оқушылармен бiрге табиғи құбылыстарды, олардың қасиеттерiн бақылауы, яғни баланың шындық өмiрдi қабылдауын дамытуы керек. Кез-келген бастауыш сынып мұғалiмi дүниетанудың осы екi тұсын үйлестiрудiң өте қиын екенiн бiледi. [1,128]

Оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iс-әрекеттерi де үлкен әсер етедi. Әсiресе, бастауыш сынып оқушылары өздерiнiң жас шамаларына қарай ертегi, аңыз-әңгiмелердi, батырлар туралы шығармаларды сүйсiнiп оқиды.

Шығарма кейiпкерлерiнен үлгi алып, оның жақсы қасиеттерiн үйренiп, соған жету үшiн өздерiн дайындайды. Мысалы, достық деген тақырыпқа байланыстырып, өмiрден достыққа байланысты деректер келтiрiледi. Дос - деген ұғым қасиеттi ұғым. Дос адамдық асыл қасиет пен саған тек жақсылық ойлайды, қиындықта көмектеседi, қуанышты да, қайғыны да бiрге бөлiседi. Дос – қамқоршы, көмекшi, жанын сала сыйлайтын ең жақын серiк, тiрек деген сияқты мысалдар..

Достық - әдеп, сыйласым.

Дос - өмiрлiк қимасым,

Достық ниет – жақсы үмiт,

Достық жасап адамға,

Достаса бiл әмәндә.

Осылайша сабақты тартымды өткiзу үшiн сабақ тақырыбына сай көрнекi құралдар, дидактикалық материалдар, үлестiрмелi карточкалар көптеп қолдану керек. Қорыта айтқанда бастауыш сынып оқушылары үшiн сабақты қызықты да мазмұнды етiп жүргiзу мұғалiмнiң өзiне, шығармашылық iзденiсiне, әр түрлi әдiстемелiк әдiс-тәсiлдердi сабақта тиiмдi пайдалана бiлуiне байланысты.

Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушылардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез нормалары мен ережелерiн дарыту жөнiнде мұғалiмдердiң арнаулы мақсат көздеген қызметi.

Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен гуманизм үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Бұлардың арасында Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Қ.Шаңғытбаевтардың шығармалары бiздiң жастарымыздың жан-дүниесiн әрқашан да терең тебiрентетiн туындылар кейiпкерлерімен суреттейдi [2,83].

Тәрбие жүйесiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бiрi бала адамгершiлiгiнiң дамуы, оның рухани-адамгершiлiк дүниесiндегi елеулi өзгерiстер болуы тиiс. Бұл факторлар балалардың кәдiмгi және күрделенген жағдайлардағы адамгершiлiк мiнез-құлықтарының тұрақты болуынан, ересектердiң сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде тәуелсiз болуынан, өз қылықтарының адамгершiлiк салдарын болжай бiлуден, iштей бақылау сезiмiнiң – ождан, қылықтың моральдық жағын және өзiн адамгершiлiк қасиеттердiң иесi ретiнде сезiнуiнен көрiнедi.

Адамгершiлiк қасиеттердiң жетiлуi – тәрбие жүйесiнiң нәтижесi және тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзгi критерийi [3,6].

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу ең алдымен және негiзiнен оқыту үдерісiнде жүргiзiледi. Баланы оқыту үстiрт қарағанда ғана тiптi өзгеге қатысы жоқ iс болып көрiнуi мүмкiн. Шындығында сабақ – алуан түрлi ұжымдық қимылдар мен тебiренiстердiң, адамгершiлiк өзара қатынастардың тәжiрибесiн жинақтайтын орын. Сабақта балалар өздiгiнен жұмыс iстеуге үйренедi. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшiн өз күш-жiгерiн өзгелердiң күш-жiгерiмен салыстыру, өз жолдастарын тыңдап, түсiнудi, өз бiлiмiн басқалардың бiлiмімен салыстыру, өз пiкiрiн дәлелдеу, бiреуге жәрдемдесу және оның жәрдемiне сүйенуi қажет. Тәрбиелiк жағынан алғанда мектепте оқылатын барлық пәндердiң маңызы бiрдей. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеуде мұғалiмнiң жеке басының үлгiсiмен, балалармен қарым -қатынасының шешушi маңызы бар. Оқушылар әр кез өз мұғалiмiне елiктейдi. Егер мұғалiм мен оқушылардың қарым-қатынасына iзгiлiк, қамқорлық, сезiмталдық тән болса, оқушылардың өзара қарым-қатынастары да сондай болады. Бастауыш сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы мiндеттердiң бiрi оны адамгершiлiк туралы ұғымдар, түсiнiктермен байыту болып табылады. Оқушылар бұларды әр түрлi дәрежеде игередi, ол баланың жалпы дамуына, оның өмiрлiк тәжiрибесiне байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда оқу сабақтарының ролi үлкен, соның iшiнде дүниетану сабағы. Бiз үнемi, “Кiтап – бұл әлем сырын ашу” деймiз. Яғни, оқу арқылы оқушы қоршаған өмiрмен, табиғатпен, адамдардың еңбегiмен, құрдастарымен, олардың қуаныштарымен, кейде тiптi сәтсiздiктерiмен танысады. Бастауыш сынып оқушылары ең алдымен iзгiлiк, қайырымдылық, сезiмталдық, әдеттiлiк туралы ұғымдарды түсiнуi, оларды айыра бiлудi үйренуi керек. Бұл сапалар өзара байланысты, қайырымды адам қашан да сезiмтал, әдiлеттi адам да сергек, сезiмтал келедi. Балаға адамгершiлiк сапалардың өмiрдегi көрiнiсiн көре бiлуде, қайырымдылық, зұлымдықты, сезiмталдық пен әдiлетсiздiкті, жолдасына шын мәнiнде немесе жалған көмек берудi айыра бiлудi үйренуi тиiс. Сондықтан оқушылар адамгершiлiк мәдениетiнiң дамуына бағыт беру үшiн осы сапалардың мазмұнын бiлу қажет.

Адамдар арасындағы өзара қатынастың күрделiлiгiн ашуға көмектесетiн балалар әдебиетiнен мысалдарды сабақта тақырыпқа сай пайдалануға болады.

2-сыныпта балалар әжептәуiр өсiп қалды, сондықтан мұғалiм экскурсияның тәрбиелiк мүмкiндiктерiн 1-сыныптағыларға қарағанда кеңiрек, әрi тереңiрек пайдалана алады. Бұл жерде мұғалiм оқушылардың танымдық құштарлығын арттыра бередi. Экскурсия кезiнде баланың табиғатқа, қоғамдық өмiрдегi әр түрлi құбылыстарға, моральдық норма мен тәртiп ережесiне қатынасы қалыптасып, әр түрлi мамандықтағы адамдардың еңбегi жөнiндегi түсiнiгi кеңейе түстедi.

Iс-әрекеттiң барлық түрiне деген құштарлықты пайдалана бiлу, оның сана-сезiмiн арттыра түсуге көмектеседi.

2-сынып оқушылары өздерi үшiн мүлдем жаңа дүниетану пәнiн оқи бастайды. Сондықтан мектептiң биология кабинетiне саяхат жасаған дұрыс. Олар биология пәнiмен, мұғалiмiмен танысып, анық аты-жөнiн, кабинеттегi құстар тұлыбы, өсiмдiктер, гербарий сияқты коллекциялар түрін көредi. Егер мектепте хайуанаттар жүйесi болса, жоғары сынып балалары оларды қалай бағып-күтетiндерi жөнiнде айтып бередi. Бұл жұмыстар арқылы балалардың мейірімділік, аяушылық сезімдерін туғызуға болады. Өлкетану мұражайында балалар мектеп оқушылары өз қолдарымен жинап, құрастырған экспанаттармен танысады. Мектептiң өлкетану мұражайына материалдар жинауға қатысып, қолдан келген көмектерiн көрсету, 2-сынып оқушыларын жоғары сынып оқушыларымен жақындастырып, олардың достық қарым-қатынастарын, үлкендерді сыйлау, үлгі алу, ұйымшыл болу, дұрыс сөйлесе білу т.б. қасиеттерін күшейте түсу [4,143].

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.                  Качество педагогического образования: проблемы и перспективы развития. – А.: КАЗНПУ, 2004.

2.                  Ильина Т.А. Педагогика / Т.А. Ильина– А.: Мектеп, 1977.

3.                  Примерное содержание воспитания школьников. – М.: Просвещение, 1971.

4.                  Молдагалиева Р.Т. Жаратылыстану негіздері мен дүниетануды оқыту әдістемесі/ Р.Т Молдагалиева– Астана, 2003.

 

Поступила в редакцию 14.01.2015 г.

2006-2019 © Журнал научных публикаций аспирантов и докторантов.
Все материалы, размещенные на данном сайте, охраняются авторским правом. При использовании материалов сайта активная ссылка на первоисточник обязательна.