ISSN 1991-3087
Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100
Яндекс.Метрика

НА ГЛАВНУЮ

Влияние мультфильмов на развитие личностных качеств детей дошкольного возраста

 

Еркебаева Сауле Жомартовна,

магистр, преподователь Казахского национального педагогического университета им. Абая, г. Алматы.

 

Мектепке дейінгі балалардың тұлғалық қасиеттерінің дамуына мультфильмдердің әсері

 

Еркебаева Сауле Жомартовна,

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы, п.ғ. магистрі. Алматы. Қ.

 

«Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасында «Толық өркениеттің ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деп бүгінгі таңда жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар аясында, қазақ халқының рухани-мәдени сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу басты мақсатымыз екендігін көрсеткен. Бала тәрбиесіндегі ең басты шарт– күнделікті, тұрақты, нақты, сабақтастықты үзбеу [2].

Еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың ұлтының сарқылмас қазынасының кәу­сарынан қанып ішуі ана тілінсіз жүзеге аспайтыны айдан анық. Кішкентайының былдыры мен шүлдірі қазақша шығуын қаласа да, қоғамның орысша ақпараттық экспансия ағысынан сытылып шыға ал­маған ата-ана қарагөзінің алғашқы сөз­дерін өзге тілде естуге мәжбүр болып келгені аян. Ұлт болашағын тамырынан айыратын бұл сұрқия келеңсіздік үшін әке-шешені «қазақша сөйлете алмадың» деп кінәлауға болмас әсте. Бекболат Тілеухан айтпақшы, «түтікшеден су ішіп, түңірліктен күн көріп» өскен, Мұхтар Шаханов айтқан, «компьютербасты» ұр­пақтың шақшадай басы шаршы экрандағы бөтен мәдениетпен сусындап жатқанда, ағысқа қарсы тұруға пәрмен болмағасын, дәрмен қайдан болсын оларда?!

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп кемеңгер Мұхаң нұсқаған сара жолдан қанша ауытқымауға тырыссақ та, телеар­наны қосып қалсаң, «Спанч-боб», «Шрэк», «Бабуган» сияқты тәлімі күдікті, өнегесі зиянды өнімдер сол бесігімізді майыс­тырып, сындыруға шақ қалды. Бүгінде көгілдір экранның, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор. Алайда жас жеткіншектеріміздің психологиясына, тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жатады. Мультфильм – идеологияның бір түрі. Қазіргі таңда теледидарда ертелі-кеш қазақ баласының дүниетанымына кері әсерін тигізетін, өзге елдің идеологиясын насихаттайтын мультфильмдер көрсетілуде. Мойындау керек, тілі былдырлап, енді ғана қылық шығарып келе жатқан бүлдіршін күнұзаққа көкжәшікке телміріп, сансыз мультфильмнен көз алмайды. Әйткенмен, сан түрлі мультфильмдердің пайдасынан гөрі зияны көп екен. Бұл – мамандардың пайымы.

Үлкен экранға жол тартатын мультфильмдер көркемдік тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да баланың санасына кері әсер етеді екен. Психологтардың мәлімдеуінше, қарапайым ғана мультфильмдер баланың дамуын тежеп, бірнәрсеге тәуелді етіп қояды. Ал ең сорақысы, кейбір мультфильмдер баланың бойында психологиялық ауытқудың алғашқы белгілерін қалыптастырады екен. Сонымен қатар психологтар бала өздігінен жүріп, сөйлеуді меңгермегенше оны пассивті көрермен ретінде экран алдына отырғызуға болмайтынын айтады. Өйткені теледидарға телмірген баланың қимыл-қозғалысы, сөйлеп үйренуі тежеледі. Тағы бір қызық жайт, мамандардың пайымдауынша, екі жарым-үш жасар балақайлар көбіне қанық түсті мультфильмдерді емес, ақ-қара түсті туындыларға зер салуы тиіс. Себебі қанық түстер баланы алаңдатады әрі сана-сезімі енді ғана дамып келе жатқан бүлдіршін экрандағы қозғалыстардың жылдамдығына ілесе алмай қалады екен. Ал есейіп келе жатқан балаға оқиға желісі жылдам өзгеретін мультфильмдерді де көруге болмайды. Мұның да өзіндік себебі бар, әртүрлі атыс-шабыс пен түрлі эмоционалдық өзгерістерді бақылап отырған баланың бойында эпилептикалық құбылыстар орын алуы мүмкін.

Бір қарағанда қарапайым суреттерден тұратын экрандық туындының баланың санасына ешбір әсері жоқ сияқты. Алайда теледидар алдында мультфильмге зер салып отырған баланың қимыл-қозғалысы мен эмоционалдық күйінен өзгерістерді аңғаруға болады. Мәселен, бүгінгі таңда балалар арасында кеңінен танымал «Маша и медведь» туындысын Ресей мен Украинада көрсетуге тыйым салынды. Бұған себеп те жоқ емес. Кішкентай ғана Машаның басынан өткен хикаялар баланың бойында әртүрлі мінез-құлықтың қалыптасуына сеп болады екен. Мәселен, Машаның қиғылақ салып, өзінен үлкен аюдың мазасын алуы баланың бұзықтық жасауына жол ашуы мүмкін. Әртүрлі құбылыстарды бойына тез сіңіретін бүлдіршін Машаның іс-қимылын қайталамайды деу тағы қиын [3].

Кеңес Одағының тұсында мультфильмдер қатаң қадағалаудан өткен. Әрбір эпизод, әрбір көріністің балаға қалай әсер ететіндігін мамандар егжей-тегжейлі қадағалайтын. Соның арқасы шығар, бала кезімізде көрсетілетін мультфильмдер жақсылық жасауға үгіттейтін еді. Кеңестік мультфильмдердің бейкүнә кейіпкерлері баланың өмірге ашық әрі таза қаруына жол ашатын. Соңғы жылдары кез келген елдің экранын батыстық туындылар жаулап алды. Жасыратыны жоқ, мол қаражат табу мақсатында әрқилы көріністен тұратын мультипликаторлық өнімдерді жалма-жан нарыққа шығаратын пайдакүнемдердің саны артты. Бұл күнде мультфильмнің баланың санасы мен дамуына қалай әсер ететіндігн зерттеп жатқан ешкім жоқ. Бүгінгі мультөнімдер қастандық пен талғамсыздыққа, надандық пен арам пиғылға тұнып-ақ тұр. Атыс-шабыс пен жеккөрушіліктен тұратын көріністер балаға оң әсер ете қоймайтыны тағы белгілі.

Мамандар психологтарға бірқатар шетелдік мультфильмдерді көрсеткен. Психологтардың шығарған үкімі көптің көңілін көншітпеген. Мультфильмдегі қыз балалардың образы романтика мен құпия-сырдан жұрдай. Мұндай образды тамашалаған бүлдіршіннің бойында қатігездік қалыптасады. Психологтар мультфильмдер балалардың интеллектуалдық дамуына да кедергі болатынын айтып, дабыл қаққан.

Мамандардың пайымдауынша, ата-аналар балалардың сүйікті мультфильмдерін бір мезет өзі көріп, ой елегінен өткізуі тиіс. Мәселен, мультфильм таңдау барысында кейіпкерлердің іс-қимылы мен мимикасы үйлесімді болуы керек және туынды қандай да бір оқиғаны арқау етуі тиіс. Екіншіден, туындының сюжеті бала үшін аса маңызды образдар мен оқиғаларға толы болғаны дұрыс. Мәселен, 5 жасар балаға махаббат хикаясын немесе бұзықтық жасайтын, зорлық-зомбылыққа шақыратын туындыны көрсетпеген жөн. Үшіншіден, мультфильм баланың әлемге, өмірге көзқарасына әсер етпеуі керек [4].

Әлем психологтарының мультфильмдерге алаңдауы бекер емес. Бүгінгі күннің балалары агрессияға бой алдыруға бейім. Күнұзаққа теледидар алдынан шықпайтын бүлдіршін кейбір сұраққа мүдірмей жауап беруден қашады. Балалардың бойында ұялшақтық, ойын ашық жеткізу бәсең. Оның үстіне күнде теледидардан зорлық-зомбылыққа толы көріністі көрген баланың бауырмалдық, өзгеге қамқор болу сияқты асыл қасиеттерді де таба алмайсыз. Әрине, қарапайым ғана суреттен тұратын туындыны зиянды деу де қисынсыз шығар. Дегенмен түймедей нәрсе түейдей қауіп төндіретінін ұмытпағанымыз жөн.

Тәрбие басы-тал бесіктен екенін ұғынған ата-бабамыз балдай тәтті қылығымен әрбір үйдің қуанышы болған кішкентай бүлдіршіндеріміздің әдепті, білімді, иманды болып өсуі үшін ерекше көңіл бөлген. Ата-бабамыз дүниеге келетін нәрестеге анасының құрсағында жатқанда-ақ қамқорлық жасап, бала тәрбиесін құрсақта жатқан кезден бастау керектігін ұғынған. Ал, қазіргі кезде бұған ешкім мән беріпте жатқан жоқ. Осының әсерінен болар дәл қазіргі уақыттағы балалардың мінезі де қиын болып кетті. Сонымен қатар балалар арасында түрлі оқиғалар да болып жатыр. Мұның барлығының алдын алу үшін, бала тәрбиесін түзеу үшін бізге экранымызды дұрыстау қажет. Себебі, қазіргі уақытта теледидардың балаға беретін пайдасынан зияны басым болып тұр. Негізі әлем ғалымдары теледидардың адамға беретін зияны басым екенін мойындап отыр.

Зерттеушілердің пікірінше теледидардың танымдық, тағылымдық әсерінен гөрі, көрерменге бағытталған эмоционалдық соққысы басым. Ал, теледидарды көп көрген бала біраз уақыт өткенен кейін миғұла-мәңгүртке айналады екен. АҚШ түрмелеріндегі қылмыскерлердің 65% экран кейіпкерлеріне еліктеп заң бұзғандығын, ал 25% ұрлық пен бейбастықты үйреткен телеұстаздарына алғысы шексіз екендігін айтқан.

Қазіргі кезде заманауаи БАҚ баланың психикалық дамуына нашар әсер етеді, заманауи мультфильмдер баланың психикасын бұзады деген көптеген әңгімелер айтылып жүр. Құнсыз сериалдарды көру, жасөспірімнің шынайы мақсаттарынан және әсерлерінен адасуына мәжбүрлейді.

Егерде кейбір шетелдік мульфильмдерді мұқият қарайтын болсақ, онда олардан көптеген зорлық пен агрессияны байқауға болады, оларды көргеннен кейін кейбір балалар гипер қозғыш болып кетеді. Балалардың бойында мінез-құлықтың агрессиялық үлгісі бекиді, бірақ, Отбасылық тәрбиелеу институты, осы жағымсыздықтардың барлығына қарамастан, балаға бейнефильмдерді көріп, тыңдауға тиым салмау керек деп санайды, бала заман ағымына қарай дамуы керек, әр заманның өз мульфильмдері, кітаптары, ойындары болады... Бұл жерде ата-аналар үшін басты ереже бұл – баланың көруіне арналған бейнефильмдерді, оның жас ерекшелігіне қарай сауатты және дұрыс таңдай білу және онымен фильмдегі әр эпизодты және әр кейіпкерді талқылау. Бала қарама-қарсы қою негізінде, оларды зұлымдыққа, сараңдыққа, сатқындыққа қарама-қарсы қоя отырып, адамзаттың шынайы құндылықтары, жақсылық, мейірімділік пен қайырымдылық, достық пен әділдік туралы ойланатындай әңгіме жүргізуге тырысу керек.

Қазіргі кездегі шындық мынадай, көбіне ата-аналар теледидарды қосып, баланы қандай да бір фильмнің кейіпкерлерімен, оның әсерлерімен жалғыз қалдырады. Мұны істеуге болмайды. Баламен «ненің жақсы, ненің жаман» екені туралы сөйлесіп, БАҚ бала психикасына теріс әсер етуінің алдын алуға болады. Ал егерде замануи мультфильмдерге тиым салатын болсаңыз, бала өз ата-анасының бұл мульфильмді мақұлдамайтынын біліп, оны қараудың жасырын, одан да қорқынышты жолдарын іздей бастайды. Бұл өтірік айтудың басы болып табылады....

Баланың психосоматикалық денсаулығын сақтау жөніндегі балалар невропотологтарының және психологтарының ұсыныстарын ата-аналардың естеріне түсіру қажет:

• Үш жасқа дейінгі балаларға мүлдем теледидар көруге болмайды.

• Дені сау, 3-4 жастағы балалар теледидардың алдында 15 мин отыра алады. 

• 5-6 жастағы балалар - 30 мин.

• бастауыш сынып оқушылары - аптасына 2-3 рет, 1 - 1,5 сағаттан.

Виртуалды бейнелер өзіне тартады және психологиялық тәуелділік жасайды, ең алдымен, жүйке жүйесінің шамадан тыс қозуын ынталандырады және өтіп жатқан «жылтыңдау» әсерінен, ашықтықтан, жылдамдықтан, ми ырғағының үйлесімі бұзылады. Сондықтан мультфильмдерді және фильмдерді, балаларға көрсетпес бұрын, оның жүйке жүйесінің қозуын тудырмайтындығына көз жеткізу үшін, оларды ең алдымен ересектердің өзі қарап алуы керек.

Төл мәдениетiмiз бен салт-дәстүрiмiздi дамытуды ең алдымен, тәрбиенi бүлдiршiндерiмiзден бастаған жөн. Өз ұлтының патриот азаматы, елiн, жерiн, тiлiн, дiнiн сүйетiн адам етiп қалыптастыру үшiн балаларды кiшкентайынан тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарымызды бойына сiңiре бiлуiмiз керек. Ал, ол құндылықтармен бөбектердi сусындатудың бiрден бiр құралы - мультфильмдер [5].

Мультфильм яғни мультипликация дегенимиздің өзі (лат. – көбейту) – арнайы салынған суреттерді немесе қуыршақтарды пайдалана отырып фильм түсіруге арналған кино өндірісінің бір саласы [6].

Мультипликациялық кино (латын тілінде multіplіcatіo – көбею; ағылшын тілінде – жандандыру) – cуреттердің (жазық нысандар), қуыршақтардың (көлемді нысандар) қозғалысы фазаларын жеке кадрларға түсіріп, ретімен көрсетуден туатын кино өнерінің бір түрі. Мультипликациялық кино ісінің белгілі үш тәсілі бар: суреттер (графикалық мультипликация); қуыршақтар (көлемді мультипликация); жалпақ жұқа қуыршақтар (жазық пішінге салып қию) пайдаланылады [7].

Мультипликациялық кино (латын тілінде multіplіcatіo – көбею; ағылшын тілінде – жандандыру) – cуреттердің (жазық нысандар), қуыршақтардың (көлемді нысандар) қозғалысы фазаларын жеке кадрларға түсіріп, ретімен көрсетуден туатын кино өнерінің бір түрі. Мультипликациялық кино ісінің белгілі үш тәсілі бар: суреттер (графикалық мультипликация); қуыршақтар (көлемді мультипликация); жалпақ жұқа қуыршақтар (жазық пішінге салып қию) пайдаланылады.

Мультфильм – идеологияның бір түрі іспеттес. Бүгінгі жеткіншек – ертеңгі ұлт жанашыры, «ұлтыңды сақтағың келсе, қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтағың келсе ұлыңды тәрбиеле» деп бекер айтылмаса керек. Ал бүгінгі тәрбиешілеріміз «өнегелі» өрмекші адам мен «шешен» Шрэк болса, ертеңгі қазағымыз «супермендей» «саналы» болып шығатыны анық. Алпамыс, Қобыландыларды ұмыт қалдырып, Бетмендей «батыр» болуға талпынған бала қылығына жауапты біз.

Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын, ұлттық салт-дәстүрін болашақ ұрпағы арқылы ғана қорғай алады. Болашағын жас ұрпақсыз елестете алмайтын кез келген мемлекет сияқты Қазақстан да мультфильм саласына үлкен мән бергені жөн. Өскелең ұрпақтың ұлттық мультфильмдерімізді көріп өсуі өте маңызды. Балаларымыздың шет мемлекеттердің тәрбиесіз мультфильмдерін тамашалап, жат елдің идеологиясымен тәрбие алып келеді, осы мәселе қарастырылды.

Қазіргі таңда бала тәрбесіне еркеше мән беріліп отыр, әсіресе телеарналарадан беріліп жатқан бағдарламалар мен мультфильмдер. Мультфильм – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.                  Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты жолдауы. // Егемен Қазақстан, 2012. www.multfilm.kz.

2.                  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4 (2), 2007жыл, 61−92 б.

3.                  Қазақ Совет энциклопедиясы №8 том, 1999 ж.

4.                  Полонский В.М. Словарь по оброзованию и педагогике. М.2004. С 83

5.                  М.Безруких (Ред.колегия). Педагогический энциклопедический словарь. М., 2002. С-79.

6.                  Оклендер В. Окна в мир ребенка. / Руководства по детской психотерапии.–М.,2003 46-49 б. www.multy.ru.

7.                  «Бала тәрбиесі» журналы №2, 2010.

 

Поступила в редакцию 20.01.2015 г.

2006-2019 © Журнал научных публикаций аспирантов и докторантов.
Все материалы, размещенные на данном сайте, охраняются авторским правом. При использовании материалов сайта активная ссылка на первоисточник обязательна.