ISSN 1991-3087
Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100
Яндекс.Метрика

НА ГЛАВНУЮ

Эффективность использованиия технологии критических мышлении на уроке

 

Еркебаева Меирамкуль Кошкаровна,

Сш № 222 им Т.Рыскулова г. Кызылорда.

 

Технология сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі

 

Еркебаева Меирамкүл Қошқаровна,

Технология пәннің мұғалімі, №222 Т. Рысқұлов атындағы қазақ орта мектебі, Қызылорда қаласы.

 

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым - қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі реформалау процесі, оның мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, жаңа технологияларды енгізуге байланысты жаңаша педагогикалық көзқарасты туындатады. Ол заман талабына сай білім беруге жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер менгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Елбасы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында « Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманға әдістемелер мен технологияларды енгізу» қажеттілігі айтылған. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, түрлі әдіс –тәсілдерін іздестіруде жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызды. Сондай технологияның бірі «сын тұрғысынан ойлау»[1].

Технология сабағында «сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру».

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез- келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады [2]. 

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сын тұрғысынан ойлау – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы [3].

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1)                 сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2)                 оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3)                 әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4)                 үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5)                 кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айнал-дырмау;

6)                 оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7)                 сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:

СТО сабақтарда

Дәстүрлі сабақтарда

 Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

 Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.

 Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.

 Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.

 Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым.

 Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

 

 

 Технологияны сабақта үнемі қолдану нәтижесінде төмендегідей қорытындыға жасауға болады

 

 

Сондай-ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой – өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен,өз біліктілігімен алады,іскерлік дағдылары қалыптасып,артады. Менің алға қойған мақсатым-оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оның алған білімі мен тәрбиесі болашақта қажетіне жарап, шығармашыл жеке тұлға қалыптасуына үлес қосу.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарында әр ұстаз қолданса, білім сапасының артарына сенімін мол дегім келеді [4].

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық менгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ынғайлы. Бұл технологияны пайдалану және тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.                  ҚР-да 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы // http://www.edu.gov.kz.

2.                  Қажыкенова С. Сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімділігі // Қазақстан мектебі, 2010, № 8.

3.                  «Метептегі технология» республикалық әдістемелік журнал №10. Алматы, 2014ж

4.                  Анарбек Н. Сравнительное образование в Казахстане: Вектор Развития // Вестник Казну, серия «Пед. науки».-2011.-№ 3(34).-C.43-49.

 

Поступила в редакцию 13.01.2016 г.

2006-2019 © Журнал научных публикаций аспирантов и докторантов.
Все материалы, размещенные на данном сайте, охраняются авторским правом. При использовании материалов сайта активная ссылка на первоисточник обязательна.