ISSN 1991-3087
Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100
Яндекс.Метрика

НА ГЛАВНУЮ

Методы использования казахских народных традиций как средство воспитания младших школьников

 

Абилхаирова Жанар Аитбаевна,

кандидат педагогических наук, и.о. ассоциированного профессора кафедры педагогики и методики обучения,

Имбетова Маржан Абзалкызы,

магистрант 2 курса.

Кызылординский государственный университет им. Коркыт Ата, Казахстан.

 

Бастауыш сыныптарда қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану әдістері

 

Абилхаирова Жанар Аитбаевна,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Қазақстан, Қызылорда қаласы.

Үмбетова Маржан Абзалқызы,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ІІ курс магистранты Қазақстан, Қызылорда қаласы.

 

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі [1].

Елбасы мемлекеттің дамуының басым бағыттарын теориялық негіздеп, жүзеге асырылуын, жолдары мен құралдарын өз еңбектерінде айқындап беріп отыр. Негізгі басымдық бағыты – ел бірлігі, біртұтастығы. Мұның негізгі теориялық іргетасы – қазақ халқының тұтастығы, ұрпақтар дамуында бұл идеяның жетекшілік ролі.

Бұл өзекті мәселе білім беру сатыларының бастауыш білім беру кезеңіндегі орны бөлек. Өйткені бұл жас шағында балалар шынайы іс-әрекет, қарым-қатынастар ауқымына еніп, өзінің кім екенін, қандай рөл атқаратынын, атқаруы керектігін өз өмір тәжірибесінде саралай бастайды.

Ең басты мәселе қалыптасқан білім беру жүйесіндегі ұлттық тәрбие құрылымын мұқият анықтап, бар тәжірибемен ықпалдастыру болып отыр.

Қазақ халық педагогикасының асыл мұраларын (ауызекі поэтикалық, музыкалық шығармашылығы, қазақ халқының өнері, кәсіптік шаруашылығы т.б) зерттеу, қазақ отбасының тәрбие дәстүрлерін талдау халықтың эстетикалық тәрбиені жүзеге асырудағы педагогикалық талаптарды, әдіс-тәсілдерді, амал-жолдарды, өзіндік ерекшеліктерді бүгінгі күнде көзден таса болып бара жатқан, бірақ өте қажетті деген дәстүрлерді (баланы ұлттық өнерге қызықтыру, туыстық байланыстар, отбасы ішіндегі қатынастар т.б.) көре білу бүгінгі бастауыш мектеп мұғалімдеріне халықтың озық дәстүрлерін оқыту үдерісінде қолдануға көмектеседі. Ол үшін:

а) халықтық педагогиканың озық идеяларын педагогикалық ғылым мен мектеп практикасы нысаналы түрде пайдалануы;

ә) бұл нысаналы бағыттың тиісті нормативтік құжаттарда нақты көрініс табуы;

б) қазақ халқының мұрасы «Әдебиеттік оқу» пәнінің мазмұнына енгізілуі;

в) оқу-тәрбие үдерісінің практикасында оқушыларды ұлттық негізде тәрбиелеудің тарихи қалыптасқан өркениетті түрлері мен әдістерінің пайдаланылуы;

г) халықтық педагогика идеялары тек әдебиеттік оқу сабақтарында ғана емес сыныптан тыс жұмыс түрлері (үйірме, сыныптан тыс оқу т.б.) мазмұнына да енгізілуі;

д) халықтың озық дәстүрлерін оқушы тәрбиесінде орынды пайдалану үшін ұстаздың өзі осы салада дайындалған, әдістемелік білім, білікті игерген болуы қажет.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс-салт дәстүрлері, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш топқа бөлінеді.

Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет тойы, т.б.) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы - жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн жоралғылар кіреді.

Ал тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттың киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.

Сондай-ақ әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық музыка аспаптары, үйлену - үй болуға байланысты салт дәстүрлер, қонақ күту, халықтық-ұлттық мерекелерді өткізу, өлікті жөнелту рәсімдері, әдет-ғұрыптары жатады [2].

3 сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулығына талдау жасағанымызда халықтық педагогиканың озық дәстүрлері туралы айтылған шығармаларды төмендегідей топтарға бөліп қарастырдық:

1.                  Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар айтылатын шығармалар

2.                  Тұрмыс-салт дәстүрлері сөз етілетін мәтіндер

3.                  Әлеуметтік-мәдени дәстүрді дәріптейтін шығармалар

Инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану - заман талабы. Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиясы оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде білім алушының жеке бас ерекшелігін ескереді және ол үшін оқу міндеттерін жүзеге асырудың қолайлы шарттарын туғызады. Осы оқыту технологиясы білім алушының психологиялық, физиологиялық күйіне негізделуі тиіс. Бұл жүйе қазіргі таңдағы әр білім алушының оқу үдерісінде тек объект деңгейінде қалмай, субъект дәрежесіне көтерілуін қамтамасыз етуімен құнды.

Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиясы бойынша ана тілін оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдауда төмендегідей талаптар қойылады:

 – диалогтік, полилогтік қатынастың қамтылуы;

 – әрекеттік-шығармашылық сипатының болуы;

 – білім алушының жеке басы дамуына сәйкестігі;

 – оқушының өздік және шығармашылық әрекетінің дамытылуы.

Оқытуды ізгілендіру технологиясы. Қоғамды ізгілендіру – бүгінгі өркениетті дамудың талабы, әлеуметтік қатынастарды ұйымдастыруда жеке адам әлемнің тұтқасы ретінде көрінуі тиіс. Сондықтан әр білім алушы ұлттық мәдениетті сақтай білетін, кез келген ортада белсенді жұмыс істей алатын ақыл-ой иесі ретінде қарап, танымдық мәдениеті жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру–ізгілендіру технологиясының негізгі арқауы. Ізгілендіру технологиясының түпкі мақсаты – білім алу барысында жеке тұлғаның ерік-жігерімен өмір сүруге бейімдейтін кез келген жағдайлардан жол таба алатын, өз пікірін ұсына және қорғай алатын гуманист азамат қалыптастыру.

Халық дәстүрі бастауларын тәрбие құралы ретінде пайдаланудың формалары мен әдістерін таңдауда оқушының танымдық әрекетіне баса назар аударылады. Бұл ретте мынадай әдістерді пайдалануға болады:

– білім көзі бойынша – ауызша сөйлеу (түсіндіру, әңгімелеу, әңгіме), көрнекілік (бақылау, демонстрация);

– ойлау аспектісі мен танымдық дербестігі дәрежесі бойынша – проблемалық-ізденіс әдістері;

– ынталандыру және мотивациялық әдістер (өнегелік әсерлену жағдаяттары, қызықтылық, айқындылық, танымдық ойындар, өмірлік жағдаяттарға талдау);

– оқытудың белсенді және интерактивті әдістері (рөлдік және іскерлік ойындар, сахналау, пікірталас әдістері).

«Интерактив» деген сөз ағылшынның «interact» («inter»- «өзара» , «act» - «әрекет ету») деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция – жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма- кезек әсер етуі [3].

Интерактивті оқыту – ол таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттардың бірі – оқу үдерісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру.

Интерактивті оқыту кезінде оқушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интерактивті әдістермен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Мұғалім жаңа біліммен бірге оқушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі оқушылар белсенділігімен алмастырылып, оның міндеті оқушыларға белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады.

Оқытудың белсенді әдістері қолданылатын сабақтарды ұйымдастырудың шарттары: 1) проблемалық; 2) ынтымақтастық және ұжымдық өзара әрекет; 3) оқушылардың жеке басы мен психологиялық дамуын басқару; 4) оқушыларды ұдайы белсендіріп отыру: оларды жауап беруге, талдау жасауға, бағалауға, жіктеме жасауға және т.б. әрекеттерге тартып отыру; 5) мұғалімнің моделін өзгерту: ұйымдастырушы, серіктес, кеңесші, бағыттаушы және т.б. рөлдерді атқаруы [4].

Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемлекеттік маңызы зор, аса жауапты іс.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.                  Н.Ә.Назарбаев. "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар". Егемен Қазақстан газеті, 2017 жыл.

2.                  С.Қалиев., М.Оразаев., М.Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. -Алматы,1994 ж.

3.                  Беспалько В.П. Элементы теории управления процессом обучения. Ч.2– М.: Знание, 2001. – 71 с.

4.                  Гершунский Б.Г. Педагогические аспекты непрерывного образования // Вестник высшей школы. 2007. № 6. – С. 22-29.

 

Поступила в редакцию 16.04.2018 г.

2006-2019 © Журнал научных публикаций аспирантов и докторантов.
Все материалы, размещенные на данном сайте, охраняются авторским правом. При использовании материалов сайта активная ссылка на первоисточник обязательна.